Азия тынысы

Түркістанда ауыл шаруашылығына тың серпін беретін халықаралық ғылыми-өндірістік семинар өтті

Түркістан облысында «KZ инновациялық технологиялар ҒӨО» ЖСШ мен Түркістан облысы ауыл шаруашылығы басқармасының ұйымдастыруымен 6-7 қараша күндері «Түркістан облысының ауыл шаруашылығына полимерлі-минералды материалдарды енгізу» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-өндірістік семинар өтті. Семинардың басты мақсаты – су жинақтаушы және гидрооқшаулағыш полимерлі-минералды көпфункционалды және басқа да материалдарды пайдаланып, Түркістан облысында жердің ылғалын және құнарын арттыру мүмкіндігін зерделеу жұмыстарының нәтижелерін енгізу. Бұл жоба Қазақстан Республикасының аумағында іске асырылмаған. Оны Түркістан облысының АӨК-не енгізу суды үнемдеуге, сондай-ақ ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттыруға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Janalyq.Asia.kz.

Ғылыми-өндірістік семинардың ашылуы және бірінші күні Отырар ауданында өтті. Оған ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің өкілі, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілі, Отырар ауданының әкімі Сәкен Сұлтанханов, Өзбекстан, Ресей және Шымкент қалсы мен Түркістан облысынан ауыл шаруашылығы саласының ғылыми қызметкерлері мен еңбек ардагерлері қатысты.
Түркістан қаласында өткен семинардың екінші күніндегі жұмысына Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлы қатысты. Ол ғалымдармен пікір алмасып, өңірде ауыл шаруашылығын дамытуда ғылыми зерттеулер нәтижесіне де басымдық берілетінін жеткізді.

Басқосуда ауыл шаруашылығы саласын дамыту бағыттары тарқатылып, Түркістан облысының ауыл шаруашылығына полимерлі-минералды материалдарды енгізудің артықшылықтары мен сынақ нәтижелері туралы айтылды. Су ресурстарын үнемдеу жайы кеңінен талқыланды. Қатысушылар пікір алмасып, ұсыныстарын жеткізді.

«KZ инновациялық технологиялар ҒӨО» ЖСШ директоры Бейбіт Сыздықов жобаның мақсатымен таныстырып, келешегіне тоқталды. Ауыл шаруашылығына жаңа технологияларды енгізу керектігін айтты.
Ғалымдардың айтуынша, ауыл шаруашылық өндірісінің дамуы және халықтың әл-ауқаты, көбінесе, топырақтың құнары мен экологиялық тазалығына байланысты. Топырақ жүйесіне ПMM енгізген кезде айтарлықтай оңды өзгерістер байқалады. Атап айтқанда, топырақтың химиялық, физикалық және биологиялық сипаттамалары жақсарып, өсімдік организмдерінің құнарлығы, биоөнімділігі артады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Қатысты мақалалар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button