Азия тынысы

Түркістан: Түлкібаста тарихи басылымға көше атауы берілді

Түлкібас ауданы әкімдігі мен ҚР Журналистер одағының қолдауымен аудандық «Шамшырақ» газетінің 92 жылдық мерейтойының құрметіне аудан орталығындағы көшеге «Шамшырақ» атауы берілді.

Көше атауының ашылу салтанантына аудан әкімі Нұржан Ізтілеуов, аудандық мәслихаттың төрағасы Хамит Байысбаев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сәтбай Қасымбек және ардагер тілшілер мен аудан азаматтары қатысты, деп хабарлайды Janalyq.Asia.kz.

– Жағымды жаңалықтардың жаршысы болып жүрген аудандық басылым «Шамшырақ» газетінің ұжымын құттықтаймын. Бұл тек газет ұжымының ғана емес, күллі оқырман мен ауданның қуанышы деп білемін. «Арқалағаны алтын, жегені жантақ» деп Шер ағамыз сіздердің ерен еңбектеріңіздің теңеуін дөп басып айтқандай. Ауданымыздың айшықты жаңалықтарын жеткізуде талмай қалам сілтеп келе жатқан еңбектеріңіз жандана берсін. Шығармашылық шабыт, мол табыс тілеймін,- деді аудан басшысы.

Шара аясында ел ағалары «Шамшырақ» көшесінің бойына тал егіп, көшенің абаттандырылуына өз үлестерін қосты.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Қатысты мақалалар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button