Азия тынысы

Түркістан: Саурандық кәсіпкерлер балық шаруашылығын дамыту жолдарын үйренді

Түркістан облысында балық шаруашылығы жақсы дамып келеді. Мемлекет тарапынан да қолдау күшейтілген. Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасына сәйкес, облыста балық шаруашылығын дамыту мақсатында «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 2,5 пайызбен жеңілдетілген несие мен субсидиялар беру және осы салаға инвесторлар тарту жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Janalyq.Asia.kz.

Осы орайда Сауран аудандық шаруалар балық шаруашылығын дамытуды қолға алмақ. Ауданның кәсіпкерлері арнайы Шардара ауданында орналасқан «Хамит» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативіне арнайы барды. Оқу орталығында 5 күн қатарынан балықты өсіру, қолдан ұрықтандыру әдістері үйретілмек. 2021 жылы ашылған өндіріс орны, бүгінгі таңда балық шаруашылығымен жүйелі жұмыстар атқарылуда.

 

Оқу орталығына Сауран ауданынан арнайы делегацияны аудан әкімінің кеңесшісі Бекзат Абубакиров бастап, ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы мен 15 кәсіпкер қатысты. Онда нысанның директоры Рысмұрат Оразхан делегация құрамына оқу орталығын көрсетіп, оқу курсымен толық таныстырып өтті. Балық шаруашылығын дамыту саласы бойынша арнайы технологиялармен таныстырып, саланың барлық қажетті фунцияларын көрсетіп, тәжірибе алмасты.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Қатысты мақалалар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button