Азия тынысы

Түркістан: Республика күніне орай «Біз жауынгер» атты сайыс өтті

Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-ң ұйымдастыруымен 25 қазан – Республика күніне орай жастар арасында «Біз жауынгер» атты сайыс өтті.

Түлкібас ауданындағы «Машат Арасан» лагерінде өткен жарыстың алғашқы күнінде жас сарбаздар пневматикалық қарудан ату, жалпы әскери қорғаныс жинағын кию және «АК-74» автоматын шашып-құрастырудан сынға түсті. Ал екінші күні сарбаздар садақ атып, арқан тартып сайысты, деп хабарлайды Janalyq.Asia.kz.

Жалпы жарысқа облыстың 17 аудан-қаласынан 200-ге жуық жас сарбаз қатысты. 10-11 сынып арасында өткен әскери-патриоттық спорттық сайысқа қатысушылар білім дәрежесі мен дене дайындығына байланысты іріктелініп алынған. Ереже бойынша әр командада 5 ұл мен 4 қыз өз өңірінің намысын қорғайды.

Жарыс соңында барлық командаларға ынталандыру сыйлығы табысталды. Ал үздіктер көшін Арыс қаласының жас сарбаздары бастаса, кентаулық өрендер І орынды емденді. ІІ орынға Түлкібас ауданы жайғасып, үздік үштікті Мақтарал ауданының сарбаздары қорытындылады.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Қатысты мақалалар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button