Азия тынысы

Түркістан: Қазығұрттық шаруа «Ауыл аманаты» жобасымен жылыжай шаруашылығын қолға алған

Қазығұрт ауданының тұрғыны Абдуманап Бекмұрзаев қызанақ өсірумен айналысады. Кәсібін дамыту мақсатында «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 2,5%-бен 8 млн теңге несие алған. Шаруа алғашында 15 соттық жерін өз қаражатымен дайындаған. Бүгінде қызанақтары түйіндеп, бір-екі айда өнім бермек, деп хабарлайды Janalyq.Asia.

Бүгінде ауылдық жерде кәсіп бастаған тұрғындар қатары артып келеді. Қазір  «Ауыл аманаты» жобасымен өңдеу саласына қатысты жобаларға және өсімдік шаруашылығын дамыту ісіне қаржылық қолдау алуға болады. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы кооперативтерін жабдықтау мен мал шаруашылығын дамыту салаларына да қолдау бар.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Қатысты мақалалар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button