Азия тынысы

Түркістан облысында өнеркәсіп өнім көлемі 1 трлн теңгеден асқан

Түркістан облысында 2023 жылы өнеркәсіп өндірісінің көлемі — 1 000 977,2 млн.теңгені құрап, 2022 жылмен салыстырғанда 2,5%-ға көбейді. Бұл жайында ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Нұрқожа Бекжанов брифингте айтты.

«Өнеркәсіп өндірісінің едәуір үлес салмағы (49,2%) — тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу саласында. Өндіріс көлемінің өсуі тоқыма өндірісінде – 41,7%, жиһаз жасауда – 33,8%, мұнай өнімдерін өндіруде – 23,3%, өзге металл емес минералдық өнімдерді өндіруде – 21,2%, машина жасауда – 12,1%, тамақ өндірісінде – 6,9%. Сондай-ақ, республикадағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің үлесі бойынша облыс көш бастап тұр. Облыста ауылшаруашылық дақылдарының егістік алқабы 870,2 мың гектарға жетті. Өңірде 2023 жылы ет өндіру 2022 жылғымен  салыстырғанда 3,2%-ға артып, 254 мың тоннаны құрады. Республика бойынша Түркістан облысы қой саны ең көп аймақ ретінде танылып отыр», — деді Нұрқожа Ермекұлы.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Қатысты мақалалар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button