Азия тынысы

Түркістан: Келесте Марокко шегірткесіне қарсы күрес жұмыстары пысықталды

Биыл Келес ауданында «Марокко» үйірлі шегірткесіне қарсы күрес жұмыстары қарқынды жүргізілетін болады. Осы бағыттағы  жұмыстарға 50-ге жуық азаматтар жұмылдырылып, екі дана ұшақ тартылады. Ал облыстық штаб мүшелері Бозай ауылдық округінде орналасады. Бұл туралы Келес ауданында өткен жиналыста талқыланды, деп хабарлайды Janalyq.Asia.

Қазіргі  таңда аса қауіпті морокко шегірткесінің алғашқы дернәсілдері Келес ауданы бойынша жер бетіне шыққан жоқ. Дегенмен, инспекция мамандары мен уақытша анықтаушылардың көмегімен 193 360 гектар аумақ зерттелді. Нәтижесінде, химиялық өңдеуге жататын жер көлемі 62 850 гектарды құрады. Алғашқы химиялық өңдеу жұмыстары биылғы жылдың сәуір айында басталуы жоспарланып отыр.

Аудан басшысы Жәнібек Ағыбаев жылда орын алатын «Марокко» үйірлі шегірткесіне қарсы күрес жұмыстарына бей-жай қарамай, тиісті әкімшілік бөліністер бойынша алдын алу шараларын ширатуды тапсырды. Қауіп төндіретін аймақтарды қатаң бақылауға алып, тартылатын жұмысшылар бойынша нақтылау шараларын жүргізуді жүктеді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Қатысты мақалалар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button