Азия тынысы

Түркістан: Келесте Испанияда тәлім алған ұстаз «Conversation club» ашты

Түркістан облысы, Келес ауданындағы №2 Ө.Жәнібеков атындағы мектеп гимназиясының ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Гаухар Бахадырова Испанияның Кадис қаласындағы «Erasmus Mundus» университетінде академиялық ұтқырлық бағдарламасымен білім алған. Қазіргі таңда 4 перзент тәрбиелеп отырған көп балалы ана білім ордасында «Conversation club» жұмысын жүргізеді, деп хабарлайды Janalyq.Asia.kz.

Клуб мақсаты – тілдік ортаға ену, қарым-қатынас, кітаптарды, жаңалықтарды, фильмдерді, ойындарды талқылау және осының барлығын ағылшын тілінде жүргізу. Клубқа оқушылармен бірге ұстаздар да қатыса алады. Әлеуметтік желіде өзінің жеке блогын жүргізетін білікті педагог ағылшын тіліне кішкентай кезінен қызыққандығын айтады.

– Тіл үйренушілердің сөйлеу дағдысын жетілдіруде мұндай клубтардың маңызы зор. Алғаш рет 5 сыныптан бастап ағылшын тілі сабақтарында эссе жаза бастадық. Кейіннен мамандандырылған мектепте білім алдым. 10-11 сыныпта оқып жүргенімде американдық волонтер Сара Ван Элизабеттің шәкірті болдым. Бос уақытымда мектебіміздің хор ұжымында мүшемін, волейбол ойнап тұрамыз. Жалпы ұстаздық жолды таңдағанымды мақтан тұтамын, – дейді мектеп мұғалімі.

Айта кету керек, қазіргі таңда 7 жылдық еңбек өтілі бар мұғалімнің шәкірттері Ұлттық бірыңғай тестілеуден жоғары нәтиже көрсетіп, білім беру гранттарын иеленіп келеді. Ал педагогтің өзі білім беру саласына қосқан үлесі үшін бірнеше марапатқа ие болған.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Қатысты мақалалар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button