Азия тынысы

Тина Канделаки косметикалық брендінің қазақстандық сайты ашылмай қалды

Ресейлік журналист Тина Канделакидің косметикалық бренді елдегі дүкен сөрелерінен жоғала бастады. Ansaligy брендінің қазақстандық сайты да ашылмай тұр, деп Janalyq.Asia хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Kazinform-ға сілтеме жасап. 

Қаңтар айында Тина Канделаки Қазақстанда орыс тілінің қолданыс аясы тарылып бара жатқанын айтып, дау тудырған еді. Кейінірек ҚР Сыртқы істер министрлігі Тина Канделакидің ел аумағына кіргізілмейтінін атаған болатын.

Жақында Ansaligy брендінің тауарлары елдегі «Золтое яблоко», «Beautymania», «Mon amie» секілді ірі косметикалық дүкен сайттарынан жоғала бастады. Бренд тауарлары Ozon, Wildberries, Kaspi маркетплейстерінде ашық қолжетімді.

Сондай-ақ Ansaligy брендінің Ресей, Армения елдеріне арналған ресми сайттары жұмыс істеп тұр, ал Қазақстан, Өзбекстан сайттары уақытша қолжетімсіз.

Қатысты мақалалар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button