Азия тынысы

Шымкентте полицейлер әйелді порнографиялық бейнероликтермен бопсалап келген

Шымкентте полицейлер жас келіншекті порнографиялық бейнероликтермен бопсалап келген, деп Janalyq.Asia хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Экс-шенділер қылмыстық іс бойынша тергеуші және жедел-тергеу тобының мүшелері болған. Оtyrar.kz мәліметінше тергеп-тексеру нәтижесінде жәбірленуші жалған атпен модельдік агенттікте тіркелгені, оның әлеуметтік желілерде порнографиялық бейне және фотосуреттері бар екені анықталған.

Сотталушылар материалдарды жәбірленушінің ата-анасына жіберіп, ал өзін қамауға аламыз деп қорқытқан. Сотталушыларға лауазымды тұлғалар тобында бопсалау арқылы пара алғаны үшін ҚК-нің 366-бабы 3-бөлігі 1,2-тармақтары бойынша айып тағылды.

2023 жылғы 06 желтоқсанда Шымкент ҚПД-нің ғимаратындағы қызметтік бөлмеде жәбірленушіден 300 000 теңгені пара ретінде алған.

Кінәлі тұлғаларға мемлекеттік қызметте және мемлекеттік ұйымдарда лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым салына отырып, ҚК-нің 55-бабы 3-бөлігі талабына сай, параның 35 еселенген мөлшерінде әрқайсына 10 500 000 теңге көлемінде айыппұл жазасы тағайындалды.

Сотталушылар полиция майоры мен полиция лейтенанты шендерінен айырылды. Үкім заңды күшіне енді.

Қатысты мақалалар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button