Азия тынысы

Шымкентте оқушы қыз сабақта өзін нашар сезініп, жансақтау бөлімінде қайтыс болды

Қайғылы оқиға 6 ақпанда «Низамхан» жекеменшік мектебінде болған, деп Janalyq.Asia хабарлайды inbusiness.kz жергілікті «Отырар» телеарнасына сілтеме жасап.

Оқушы қыз 8-сыныпта оқыған. Ол бірінші сабақта ол өзін нашар сезінген.

Директордың айтуынша, мектепке жедел жәрдем қызметі келген. Алдын ала болжам бойынша, 6 ақпанға қараған түні оқушы көп дәрі ішкен. Жансақтау бөліміне жеткізгенмен, құтқарып қалу мүмкін болмады. Түске қарай қайтыс болғаны белгілі болды.

«Баланың жағдайы нашарлады. Жедел жәрдем шақырдық. Не болғанын білмедік. Ол түнде 40 шақты жүрек дәрісін ішіп, мектепке келген деді. Қазір тергеу жүргізіліп жатыр. Қыз бала тұйық болмаған, сыныптастарымен араласты. Олар бүкіл сынып болып 79-мектептен ауысып келді. Қудалау болған емес», – дейді «Низамхан» жекеменшік мектебінің директоры Юлия Сергеевна.

Қатысты мақалалар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button