Азия тынысы

Шымкентте есірткі тасымалдаған екі қыз ұсталды

Шымкентте полицейлер есірткі тасымалдаушы екі қызды қолға түсірді, деп Janalyq.Asia хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі оtyrar.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға  Қаратау ауданында болған. Қыздардың біреуінен 10 пакет, екіншісінің қалтасында 5 доза мефедрон жасырылғаны анықталды. Қыздар аталмыш затты жасырылған жерге  тастап, клиенттеріне координаттарды жіберу керек болған.

Олар 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

«Заслон» жедел-профилактикалық іс-шарасының нәтижесінде бес күннің ішінде Шымкентте 18 есірткі қылмысының жолы кесілді. Рейд барысында 506 есірткі граффитиі жойылды.

Қатысты мақалалар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button