Орталық Азия

Шекара қызметі Қырғызстан мен Қазақстан шекарасында көлік кезегі жоғын хабарлады

Қырғызстан мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі 29 тамызда Қырғызстан мен Қазақстан шекарасындағы бақылау-өткізу бекеттерінде кезекте тұрған үлкен жүк көліктері жоқ деп хабарлады.

Шекара қызметі екі елдің арасындағы бақылау-өткізу бекеттері қалыпты жұмыс істеп тұрғанын айтқан, деп хабарлайды janalyq.asia.

Бұл бекеттердегі жағдай 28 тамыздан бастап жақсара бастаған. Соның қарсаңында «Ақ тілек» бақылау-өткізу бекетінде 140 шақты жүк көлігі кезекте тұрған. Ал 29 тамыздағы дерек бойынша, бақылау-өткізу бекеттерінің ешбірінде ондай кезек байқалмаған.

23 тамызда «Кен-Булун» бекетінде де кезек пайда болды. Ал 24 тамызда «Ақ-Тілек», «Кен-Булун», «Чалдыбар» мен «Чон-Капка» өткізу бекеттерінде жүк көліктері жиналып қалды.

Сол күні Еуразия экономика одағының делегациясы жағдайды зерттеу үшін Қырғызстан мен Қазақстан арасындағы шекараға барды. Қырғызстанның экономика және коммерция министрлігі Қазақстанның әрекеті Еуразия экономика одағы туралы келісім-шартқа қайшы келеді және одақ аумағында тауарлардың еркін қозғалуын шектейді деп мәлімдеді.

Қазақстанның шекара қызметі «ешқандай шектеу жоқ, заңсыз іс-әрекетке қарсы кешенді шаралар жүріп жатыр» деп мәлімдеген.

26 тамызда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке қазақ-қырғыз шекарасындағы жағдайды «екі ел арасында қалыптасқан серіктестік және бауырластық қарым-қатынас аясында реттеуді» тапсырған еді.

Қатысты мақалалар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button