Азия тынысы

«Шахмат керуені» Түркістанда гранд-финал үздіктерін анықтайды

10 қарашада Түркістандағы Rixos Grand Ballroom залында «Шахмат керуені» республикалық жобасының гранд-финалы өтеді, деп хабарлайды Janalyq.Asia.kz.
– сағат 10.00-де – турнирдің ашылуы, алғашқы ойынның басталуы;
– сағат 19.00-де – жеңімпаздың есімі жарияланып, концерттік бағдарлама мен жобаның ресми жабылу салтанаты болады.

Шараға Қазақстан шахмат федерациясының вице-президенттері мен Түркістан облысының әкімшілігі қатысады.

Қазақстан шахмат федерациясы бастаған бұл ауқымды жобаға Freedom Broker компаниясы бас демеушілік жасап отыр. Керуен екі ай ішінде еліміздің 18 аймағында әуесқойлар арасында блиц-турнир өткізіп, жартылай финал үздіктерін анықтаған еді. Жалпы жүлде қоры 16 миллион теңгені құрайтын гранд-финалда жүзден жүйрік шыққан 60 ойыншы бас бәйге үшін бақ сынамақ.

Жеңімпаздарға арналған сыйақы:
І орын үшін – 5 млн теңге;  ІV орын – 500 мың теңге;
ІІ орын үшін – 2,5 млн теңге;  V орын – 300 мың теңге;
ІІІ орын үшін – 1 млн теңге.  VІ орын – 150 мың теңге.

Сондай-ақ, әйелдер арасында үздік нәтиже көрсеткен қатысушы, 12, 14, 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер мен ардагер ойыншыларға 100 мың теңге көлемінде ақшалай сертификаттар табыс етіледі.

«Шахмат керуені» – Қазақстанның түкпір-түкпірін аралап, зияткерлер ойынын республика деңгейінде дәріптеуді мақсат еткен жоба. Керуен идеясына халықтардың мәдени және спорттық мұрасын әлемге таратқан Ұлы Жібек жолы түрткі болған. Жоба аясында әр облыста федерацияның филиалдары ашылып, жаңа төрағалар тағайындалды. Бұл шахмат спортының шалғай аймақтарда тың серпін алуына жағдай жасамақ.

Қатысты мақалалар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button