Азия тынысы

Сал ауруына шалдыққан қызды зорламақ болған: Атырауда педофилге сот үкімі шықты

Күдікті 17 жылға сотталды.

Атырауда 2022 жылдың желтоқсанында 13 жастағы мүгедек қызды зорламақ болған ер адамға сот үкімі шықты, деп Janalyq.Asia.kz хабарлайды Inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Жантүршігерлік оқиға 2022 жылдың 6 желтоқсанында Авангард шағын ауданында болған.

Белгілі болғандай, 2023 жылдың маусым айында Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты бұл оқиғаға нүкте қойған.

Ер адам Қылмыстық кодекстің бірден екі бабы – қыз зорлауға оқталу және ірі залал келтірген көлік ұрлау бойынша кінәлі деп танылды.

Облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, іс жабық сот отырысында қаралды. Сондықтан істің мән-жайы жария етілмеді.

«Сотталушының кінәсі кәмелетке толмаған жәбірленуші мен оның заңды өкілінің, куәгерлердің айғақтарымен, оқиға болған жерді тексеру актісімен және сараптама қорытындысымен толық дәлелденді», — деп атап өтті Атырау облыстық соты.

Сот ер адамды екі бап бойынша да кінәлі деп тауып, 17 жылға бас бостандығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енді.

Қатысты мақалалар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button