Азия тынысы

Қазақстандықтарға 138 мың теңгеден түсіп жатыр

Отбасы банк салымшыларына мемлекеттік сыйақы түсті, деп Janalyq.Asia хабарлайды El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Жыл сайын тұрғын үй құрылысы жинақ ақша жүйесіне қатысушыларға 20% мөлшерінде мемлекет сыйлықақысы төленеді. Мемлекет сыйлықақысы 200 АЕК (2023 жылы 1 АЕК 3 450 теңгеге тең) немесе 690 000 теңгеден аспайтын сомаға есептеледі. Егер осы жыл ішінде Отбасы банктің депозит ұстаушысы осы қаражатты өз шотына жинаса немесе оларды бір мезгілде енгізсе, онда ол 2023 жылдың қорытындысы бойынша ең жоғары сыйлықақыны – 138 000 теңгені алады. Сіздің жинаған қаражатыңыз бұл сомадан аз болса да, сол жинақтың 20%-ы шотыңызға түседі.

Мемлекет тарапынан 20% көлемінде бонус алуға үлгеру үшін Отбасы банктің салымшылары былтырғы 29 желтоқсанға дейін өз депозиттерін толықтырып үлгеруі тиіс еді.

Ұлттық банк мәліметінше, 2023 жылғы 1 желтоқсандағы жағдайға сәйкес Отбасы банктегі жеке тұлғалардың салым мөлшері 2,296 трлн теңгені құраған.

Қатысты мақалалар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button