Мәдениет және туризм

Қазақстанда шетелдік туристер төлейтін жарнаның көлемі өзгереді

Қазақстанда шетелдіктерден алынатын туристік жарнаны есептеу жүйесіне өзгеріс енгізіледі, деп Janalyq.asia хабарлайды Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасап.

2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда шетелдік туристерден алынатын міндетті жарна — bed tax енгізілген болатын. Былтыр жарна жиналмады. Ал 2023 жылдың басында 30-дан астам қалалар мен аудандарда 1-5% процент көлеміндегі мөлшерлемелер бекітілді.

Алайда кәсіпкерлер мен қонақ үй иелері туристік жарнаның көлемі мөлшері қайта қарауды сұрады. Енді, пайызбен емес, айлық есептік көрсеткішпен есептеледі.

«Бизнес өкілдері қолданыстағы тәртіпке өзгерістер енгізу бойынша көптеген тартымды ұсыныстар берді. Біз кәсіпкерлерді тыңдап, жарнаны есептеудің жаңа қағидатын қоса алғанда бірқатар түзетулер әзірледік»,- дейді мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев.

Осылайша, Астана, Алматы және Шымкент қалаларында bed tax 0,5 АЕК (1 725 теңге), ал қалған өңірлерде 0,2 АЕК (690 теңге) болады.

Фото: Abai.kz

Қатысты мақалалар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button