Азия тынысы

Қазақстанда миллиардерлер саны артты

Биылдан бастап Қазақстанның ең бай кәсіпкерлерінің саны 50-ден 75-ке дейін ұлғаяды, деп Janalyq.Asia хабарлайды El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Forbes Kazakhstan журналының сараптама тобы басшысы Ардақ Бөкееваның сөзіне қарағанда, мұндай шешім 50 орынның аздық етіп жатқанына байланысты қабылданған.

Біз 75-ке дейін көбейтеміз деп шештік. Себебі соңғы жылдары тізімге енбей қалып жатқан кәсіпкерлер көп болды, әйтпесе айырмашылық небәрі 500 мың доллар ғана, – деді ол.

Басылым мәліметінше, 2012 жылдан бері тізім аса көп өзгермеген. Он жылдам астам уақыттан бері рейтингіде сол бір адамдар тұр. Көш басында $3,5 млрд (2023 жылы — $4,6 млрд) қаржы тапқан Владимир Ким тұрса, бесінші орынға әрқайсысында $1,258 млрд бар Тимур мен Динара Құлыбаевтар (2023 жылы — $4,3 млрд-тан) жайғасқан. Ал олардың алдын дүниеден өткен Алиджан Ибрагимов (Ибрагимовтер отбасы былтыр жетінші орынға тұрақтаған), Сәрсеновтер отбасы (2023 жылы – сегізінші орын) мен Болат ­Өтемұратов (2023 жылы – алтыншы орын) орап кетті.

Қатысты мақалалар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button