Азия тынысы

Қасым-Жомарт Тоқаев Италияға ресми сапармен барды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Италияға ресми сапармен барды, деп хабарлайды Janalyq.asia.

Ақорда ақпаратынша, Қазақстан Президентін Рим әуежайынан Италияның Қорғаныс министрі Гвидо Крозетто, Рим Папасының өкілі Франческо Каналини қарсы алды. Мемлекет басшысын күтіп алу кезінде Құрмет қарауылы сап түзеп тұрды.

Қасым-Жомарт Тоқаев ертең Италия Президенті Серджо Маттарелламен, Премьер-министр Джорджа Мелонимен келіссөздер жүргізеді.

Сонымен қатар Президент «Қазақстан-Италия» инвестициялық дөңгелек үстеліне қатысып, бірқатар ірі компания басшыларымен кездесулер өткізеді деп жоспарланып отыр.

Ал, 19 қаңтар күні Президент Ватиканда Рим Папасы Францискпен кездеседі.

Фото: Ақорда

Қатысты мақалалар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button