Азия тынысы

Қасым Аманжол Заманбек Нұрқаділов туралы не айтты?

Белгілі журналист Қасым Аманжол «Уақыт көрсетеді» арнасына берген сұхбатында Заманбек Нұрқаділов туралы да журналист Нұрсейіт Жылқышыбайға жауап берді, деп хабарлайды Janalyq.Asia.

Қасым Аманжол «Заманбек Нұрқаділовті Қазақстандағы демократия үшін, сөз бостандығы үшін немесе үлкен мұраттар үшін қаза болды деп айту кішкене артықтау. Мен ол туралы постта жаздым. Өте қайшылықты тұлға болатын. Қарапайым ғана мысал, қаза болар алдында үйіндегі жертөледен 1 миллион доллар ақша табылды. Біреулер ұрлап кетті. Іс қозғалды. Енді мынадай сұрақ туындайды, бюджет қызметкері болып, бизнеспен айналыспаған адамның жертөлесінде қалай 1 миллион доллар сейфінде жатады? Сол кезде сол сұраққа «бұл Мақпалдың гонорары» деп жауап берді. Мен Қазақстанда концерт беріп, тойларда өлең шырқап жүріп ондай ақша табады деп ойламаймын. Егер шын адал күрескер, шындық үшін шырылдап, кейбір адамдар елестетіп жүрген, «Әділеттің символы» болса, оның үйінде миллион доллар шашылып жатпас еді. Кейде кейбір адамдарды әсіре бағалап жатқан кезде қоғамда осындай сұрақтар қоя білуіміз керек. Мен енді өлген адамның артынан сөз бықсытқандай болмайын, бұл бүкіл елге белгілі ақпараттар, соны жәй қайталап айтып жатырмын” – деді.

Танымал журналист сондықтан, әрбір адамға баға берген кезде, нақты әділетті бағасын беруге тырысуымыз керек – деген де ойын айтты.

Әлеуметтік желі қолданушылары Қасым Аманжолдың бұл сұхбатын қызу талқылап жатқанын айта кету қажет.

Қатысты мақалалар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button