Орталық Азия

Орталық Азия тағдыры көкпарға түсті. Қазақстан қайтпек?

Екі алып империя әрі әлемге өз ерік-жігерін танытқысы келген орыс пен қытайдың саяси шахмат тақтасына айналған Орталық Азия елдеріне бұрын ешкім мән бермей, тек қытай мен орыстың «өз мәңгілік мүддеміз» деп санайтын, енді уақыт дөңгелегі 360 градусқа айналып, Тәліптердің арқасында осы тарихи аймақтағы мемлекеттерге Батыс пен АҚШ өз назарын тіге бастады, деп хабарлайды janalyq.asia.

Нәтижесінде «C5+1» сұхбаттастығы өмірге келіп, АҚШ Орталық Азия мемлекеттерімен әріптестік қарым-қатынас орнатуға қам жасауға кірісті.

Нәтижесінде англо-сакс-ханзу және мәскеулік импералистік мүдделер арасындағы текетірестік пен бәсекелестік саяси-экономикалық көкпар додасына айналды. Осыны жақсы аңғарған «Независимая Газета» 14-15 қыркүйектегі саммитке қатысты: «Жаңа халықаралық жағдайға байланысты осы аймаққа деген сыртқы саясаттағы қызығушылық түптеп келгенде жаңа мүмкіндіктерді алға тартып, айрықша тәуекелге бел буушылықты танытады» деген ойды алға тарта бастады.

Бұрындары тек КХР мен РФ бауырына басып келген аймақтағы жағдайдың күн өткен сайын құбыла, өзгеріске ұшырауы геосаясатқа өз түзетулерін енгізе бастағаны жасырын емес. АҚШ пен ЕО-ның бұл жерге нақты аяқ басуын бұрынғы қос қожайын еш құп көрмейді.

Әр тараптың өз ойлағаны, өз көздегені бар. Ең бастысы қазақтың көршілері оны айналып, Ресейсіз «Оңтүстік көлік дәлізі» арқылы Батысқа жүк тасымалы арқылы шыққысы келеді. Бұл мәселе Ашхабат саммитінде бой көрсетті. Оны түркімен, тәжік және өзбек жағы қос қолдап жақтап шықты. Ауғанмен шектесетін осы үш мемлекет үнемі оның қауіпін алға тартумен келеді. Бұған қазақ пен қырғыз жағы онша ден қоймайды.

Сонымен осы бір проблема Орталық Азия үшін толассыз күреске жол ашып берді. 28 ақпандағы Астанада АҚШ мемлекеттік хатшысы Блинкеннің қатысумен «C5+1» форматында өткен саммит бірінші рет Уашингтонға осы елдерді Мәскеу ықпалынан айыруға шынайы да нақты қадам жасатты. Батыс Украинадағы соғыстан кейін Путиндік Ресейдің өз назарын кез келген уақытта ОА-ға тіге алатындығын бек жақсы түсінді. Әрі төмендегідей қадамдарды рет-ретімен жүзеге асыруға көшті:

▪️ Осы елдердегі көмір сутегін Еуропа елдеріне жеткізуді жолға қою;

▪️ Ағуғанстаннан әскер шығарғаннан кейінгі әлсіреген ықпалды осы аймақта қайта қалпына келтіру;

▪️ Басымдыққа ие Қытайдың экономикалық-саяси ықпалын әлсірету және «Бір жол, Бір белдеуіне» баламалы нұсқаны ұсыну;

▪️ Ең бастысы зұлым Ресейді айналып өтетін көлік жолын бақылауды қолға алу.

Батыс пен АҚШ-ты алаңдататыны әлсіреген Ресейдің орнын басуды өз алдына мақсат етіп қойған Қытайдың экономикалық-саяси жоспарлы іс-әрекеті. Әрі ЕО пен АҚШ бұл аймақтан мүлдем тысқары орналасқан. Бұл өңірге Ресей мен Қытайдың жолын кесіп орнығамыз деген ойлары да мүлдем болған емес-тін.

Міне, осы Ресей айырылған кеңістікті кім иелентіндігі және қалай иеленетіндігі саясаттанушылардың түрлі қисындағы пікірлері мен ойларына ұласа бастады. Бір сөзбен айтқанда ОА тағдыры көкпарға түсті. Әрі бұл мемлекеттер өзін қос тажалдан құтқаратын Түркия деген сенімге де бірте-бірте келе бастады. Пәкістан, Үндістан мен Иранда осы аймақтан өзіне лайық орынды іздестіре бастағанын жоққа шығамаймыз.

Ал, әлемдік саясат осы елдерге бауырлас түріктің қол созуын тарс естен шығарып, Пәкістан, Үндістан мен Иранды көзге ілмей, тек Қытай мен Батыс осы аймақ үшін күресуде деп жар салуда…

Қатысты мақалалар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button