Орталық Азия

Өзбекстан футболда тарихи жетістікке жетіп, Қазақстаннан асып түсті

Өзбекстанның 23 жасқа дейінгі Футболдан олимпиадалық құрамасы Катарда өткен Азия Кубогының финалына шығып, тарихи жетістікке қол жеткізді, деп хабарлайды janalyq.asia , sports.kzсүйене отырып.

Енді Өзбекстан құрамасы тарихта алғаш рет Олимпиада ойындарында ойнайды. Айта кетейік, Қазақстан құрамасы мұндай жетістікке әлі қол жеткізген жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, топтық кезеңде Өзбекстан үш матчта үш жеңіске жетіп, Малайзия (2:0), Кувейт (5:0) және Вьетнамнан (3:0) жеңіске жетті. Плей-офф кезеңінде, финалға бара жатқанда, өзбекстандық футболшылар Сауд Арабиясын (2:0) және Индонезияны (2:0) жеңді. Финалда Өзбекстан құрамасы Жапония-Ирак матчының жеңімпазымен кездеседі.

Қатысты мақалалар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button