Азия тынысы

«Өмірлеріңде ажырасу болмасыншы…»: Жахан Отарғалиев жүрекжарды жазба жариялады

Танымал әзілкеш, актер Жахан Отарғалиев жеке өміріне қатысты мәлімдеме жасады, деп Janalyq.Asia.kz хабарлайды inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Ол қазіргі уақытта Ыстамбұлда ем алып жатыр.

«Достар, сендердің өмірлеріңде ажырасу болмасыншы. Қашыңдар! Оған мүлдем жақындамаңдар! Егер мүмкіндік болса, дәл қазір таңдау келсе 2009 жылға қайта барып, мүлдем ажыраспаудың амалын жасар едім. Бұл өмір екен. Уақыт өткеннен кейін бәрін түсінесің. Қазір Ыстамбұл қаласында жүрмін. Бұл қалада мен шын ғашық болғанмын. Бұрын дәл осы жерге келгенде жүрегім ерекше соғатын. Ностальгия болып, жақсы ойлар келетін. Кеше осы жерге барған кезде жүрек бұрынғыдай болмады. Содан қоштасамын деп шештім. Себебі осы жерде басталған махаббат осы жерде қалуы керек екен. Өзіне айта алмаған сөзім еді, сол махаббат пен сезім басталған жерден бітуі керек деп шештім. Қош бол, Касконтай! Жаным!», – деп жазды ол.

Сондай-ақ өнер иесі енді жеке өмірін талқыламауын сұрады.

«Осымен бәрі бітті. Достар, енді мүлдем ол туралы әңгіме айтпаңдаршы. Әрі қарай өмір жалғасады. Жаңа өмір бастау керек. Алладан үмітімді үзбеймін. Мені сыйлап, мені жақсы көретін  адамды кездестіреді», – деп үміттенеді өнер иесі.

Қатысты мақалалар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button