Азия тынысы

Мәһрге Cobalt көлігін сұраған қалыңдық қызу талқыға түсті

Әлеуметтік желіде неке қиюға келген екі жас қызу талқыға түсті, деп Janalyq.Asia.kz хабарлайды El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Имам қалыңдықтан «Мәһрге не сұрайсыз?» деп сұрады. Қалыңдық «Cobalt көлік» деп жауап береді.

Күйеу жігіттің жолдастары куәлік етіп, көлікті алып беретін болды.

Желі қолданушылары түрлі пікір жазып, қалыңдықтың таңдауын сынап жатыр.

«Қыздарда ұят жоқ қой», «Дым көрмегендей неге сонша дүние сұрайсыздар?», «Молдалар мәһр туралы сұрауды қойсын», «Мәһрді ойыншық көретіндер көбейді», – деп жазып жатыр желі қолданушылары.

Қатысты мақалалар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button