Орталық Азия

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Қаныш Сәтбаевтың туғанына 125 жыл толуына арналған іс-шаралар өтті

Ағымдағы жылдың 12 сәуірі күні Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Қаныш Сәтбаевтың туғанына 125 жыл толуына арналған бірнеше іс-шаралар кешені өтті, деп хабарлайды  janalyq.asia

Сағат 14:00-де көрнекті геолог ғалымның ескерткішіне гүл шоқтары қойылды (Қажымұқан 7).

Сағат 14:30-да – Ғылым академиясының тұңғыш президентіне жасалған барельефтің ашылу салтанаты өтті. Барельеф Қ.Сәтбаев көшесі, 2 мекенжайда орналасқан Еуразия ұлттық университетінің бас ғимаратына орнатылды.

Сағат 15:00-де «Қаныш Сәтбаев – ұлт мақтанышы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өз жұмысын бастады.

Іс-шараға танымал ғалымдар, мемлекет және қоғам қайраткерлері, академиялық және студенттік қоғамдастық өкілдері қатысты.

Сондай-ақ, бұл күні Қаныш Сәтбаевты еске алу мақсатында оның жеке қолданған заттарының, экслюзивті портреттердің, ғылыми еңбектердің көрмесі ұйымдастырылып, деректі фильм көрсетілді.

Қатысты мақалалар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button