Азия тынысы

Түркістандағы зауыт Кайдзен тәсілін пайдалана бастады

Кентау трансформатор зауыты жылына 12 мың дана өнім дайындайды. Өнеркәсіп орны қазір шикізаттың тек 15 пайызын сырттан әкеледі,- деп хабарлайды Janalyq.Asia.kz порталы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Аталмыш зауыт жобалау институттарымен тығыз жұмыс істейді. Қазақстан тарихында тұңғыш рет «Astana EXPO-2017» үшін арнайы салмағы 125 тонна, кернеуі 110 кВ, қуаты 80000 кВА электрлі машинаны шығарған. Кәсіпорын жұмыс сапасын арттыру үшін Жапонияның Кайдзен жүйесін қолданады. Өндіріс орнында 1 100 адам жұмыс істейді. Трансформатор зауытында бір уақытта 6 адамның жұмысын атқара алатын жапондық «Yaskawa Motoman» дәнекерлеуші-роботы іске қосылған. Қазіргі таңда зауыт қуаттылығы 80 000 кВа дейінгі майлы және құрғақ трансформаторларды, қосалқы станцияларды, төмен және жоғары вольтты ұяшықтарды, вакуумдық ажыратқыштарды шығарады.

Сонымен қатар, ауданда «Asia Trafo» зауыты орналасқан. Ол еліміздегі трансформаторлық жабдықтар шығаратын ең ірі зауыт. Бүгінде өндіріс орны 350 адамды жұмыспен қамтамасыз етуде. Зауыт өнімдері тек ішкі нарықта ғана емес, сонымен қатар шетелде де сұранысқа ие.

Қатысты мақалалар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button