Азия тынысы

Із-түзсіз жоғалды деген танымал боксшы табылды

Алматыда жоғалып кеткен танымал боксшы Серік Нұрқазов аман-есен табылды, деп Janalyq.Asia.kz хабарлайды El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

1959 жылы туған С.Нұрқазов аман-есен табылып, туыстарына тапсырылды. Бұрын хабарланғандай, із-түзсіз жоғалған азаматтың мекенжайын анықтау үшін арнайы іздеу тобы құрылған еді, – деп хабарлады Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

64 жастағы спортшының қайда жүргені туралы айтылмаған.

Мұның алдында бокстан Еуропа чемпионы 14 желтоқсанда үйінен белгісіз бағытқа шығып, қайта оралмағаны туралы жазған болатынбыз. 

Қатысты мақалалар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button