Азия тынысы

Елордалық 95 жастағы сәнқой әже жұртты таңғалдырды

Астаналық әжей Жамария Хабан өзінің сәнді киімімен көпшілікті таңғалдырды, деп Janalyq.Asia хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі «Таңшолпан» бағдарламасына сілтеме жасап.

Еңбекке ерте араласқан әже, сәнді киіну мүмкін болмағанын айтады.

Балаларымның күтімі жақсы. Тамағымды дайындап береді. Аяғымды жерге тигізбейді. Осылардың арқасында тірі жүрмін. Таңертең тұра сала жылы суға бір қасық бал салып ішемін, – деді Жамария әже.

Немере келіні Айжібек Бекболат сәнді киінген әжесін видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге салып жүр.

Экранға шығу жас кезінен арманы болған екен. Бізбен бірге сауда орталықтарына киініп, әдемі болып барады. Бетін боятуға да қарсы емес. Жұрттың ойы әжемді еш қызықтырмайды, – дейді келіні.

Бүгінде Жамария әже 7 баладан 10 немере 15 шөбере сүйіп отыр.

Қатысты мақалалар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button