Орталық Азия

Чехияда 14 адамның қазасына байланысты қаралы күн жарияланды

Бұл туралы елдің премьер-министрі Петр Фиала мәлімдеді.

Чехия билігі сенбі, 23 желтоқсанды Прагадағы Карл университетінде орын алған атыс пен адам өліміне байланысты мемлекеттік аза тұту күні деп жариялады, деп Janalyq.Asia.kz хабарлайды inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Шешім республика президенті мен парламенттің төменгі палатасы спикерінің қатысуымен өткен үкіметтің кезектен тыс отырысында қабылданды. Сондай-ақ, ел премьер-министрі 23 желтоқсан күні сағат 12:00-де қайғылы оқиға құрбандарын еске алу үшін бүкіл ел бойынша бір минут үнсіздік жарияланатынын түсіндірді.

Айта кетейік, 21 желтоқсан күні кешке Прагада орналасқан Карлов университетінде 24 жастағы студент қарудан оқ жаудырды. Ол оқу орнына өздігінен оқталатын винтовкамен келіп, аудиториядағы студенттер мен терезе түбінде жүрген адамдарға оқ ата бастады.

Соңғы мәліметтерге сәйкес, 14 адам қаза тауып, тағы 25-і жараланған. Дәрігерлердің айтуынша, зардап шеккен 11 адамның жағдайы ауыр. Полицияның мәлімдеуінше, оқ атқан адам өз әрекетін мұқият дайындап, шетелден мысалдар келтіріп, салқынқандылықпен жүзеге асырған. Содан кейін, ол өз-өзіне қол жұмсады.

Қатысты мақалалар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button