Орталық Азия

Boxam: Қазақстан боксшыларына қарсылас болатын Өзбекстан құрамасы анықталды

Бокстан Өзбекстан құрамасы Boxam халықаралық турниріне қатысатын құрамын жариялады, деп Janalyq.Asia хабарлайды El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Ла-Нусиядағы (Испания) турнир 29 қаңтар мен 4 ақпан аралығында өтеді.

Бұл аламанға Қазақстан, Үндістан, Қытайлық Тайбэй, Филиппин, Қырғызстан және Таиланд секілді Азияның бокс алыптары қатысады.

Сонымен қатар Бахрейн, Бельгия, Хорватия, Англия, Франция, Венгрия, Исландия, Ирландия, Италия, Латвия, Мали, Мексика, Палестина, Польша, Португалия, Пуэрто-Рико, Румыния, Шотландия, Сербия, Словакия, Испания, Тринидад пен Тобаго, Швейцария және Уэльс бақ сынайды.

Өзбекстан бокс федерациясы құрама үшін бұл жарыс Париж олимпиадасына іріктеу турнирі алдындағы соңғы дайындық кезеңі болатынын алға тартады.

Өзбекстан қазір Испанияда.

Қатысты мақалалар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button