Орталық Азия

Бізде неге соны жасамасқа? Бішкек қалалық әкімдігі 125 миллион сомға қар тазалайтын техника сатып алады

Бішкек мэриясы 125 миллион сом қар тазалайтын техниканы сатып алуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Janalyq.Asia Бішкек басшысы Айбек Жүнісәлиев-ке сілтеме жасап хабарлады.

Оның айтуынша, бүгінде елордада қыста қолданылатын 39 техника бар.

«Қыс мезгіліне дейін ағымдағы және күрделі жөндеуді аяқтау міндеті қойылды. Қар жауған кезде 643 аула сыпырушы да шықты», — деді әкім.

Ол қар тазалаудың кемшіліктері бар екенін мойындады.

«Қар жауа салысымен техника түнде де жұмыс істей бастады. Бірақ қар үнемі жауды, бізде уақыт болмады. Біз қар тазалау техникасын сатып алуға 125 миллион сом жібердік. Әкімнің резервтік қорынан біз техниканы жазда да, қыста да пайдалануға болатындай қосымша жабдықтар сатып аламыз», — деді Айбек Жүнісәлиев.

Қатысты мақалалар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button