Азия тынысы

Бірнеше облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Cиноптиктер еліміздің 9 облысында ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп Janalyq.Asia хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Атырау, Түркістан, Батыс Қазақстан облыстарында тұман түсіп, көктайғақ болады деп болжанып отыр. Шығыс Қазақстан облысында бұрқасын күтіледі. Көктайғақ болуы ықтимал.

Маңғыстау облысында көктайғақ, Қызылорда облысында тұман түседі деп хабарланды.

Жетісу, Алматы облыстарында қатты жаңбыр жауады.

12 ақпанда түнде Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігі мен шығысынан, батыс және оңтүстік-батысынан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с.

Қатысты мақалалар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button