Азия тынысы
«Бес қызым — бес бармағым». Алтынай Жорабаева бесінші қызына ерекше есім берді
![](https://janalyq.asia/wp-content/uploads/2024/01/1200xauto_boxtbkoxaajoyplq67uoprzqdcxsjk6hi26wthuj.jpg-780x470.jpg)
Әнші Алтынай Жорабаева бесінші рет қызды болып, ерекше есім берді, деп Janalyq.Asia.kz хабарлайды El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Амина Алишерқызы. Қош келдің, ботам. Бес қызым — бес бармағым. Барлық мақтаулар мен мадақтар, тек бір Аллаға тән. Қымбатты тілекшілерім. Сіздердің: “ Аман-есен жаның қалсын” деген тілектеріңіздің маған қандай демеу болғанын білсеңіздер ғой. Босанып жатқан әйелдің бір аяғы жерде, бір аяғы көрде дегендей, өмір мен өліммен арпалысып , сәбиді дүниеге әкелу — үлкен жеңіс, — деп жазды әнші.
Сондай-ақ әнші толғақ кезінде дұға тілеген барша тілеулестіріне алғысын білдірді.