Орталық Азия

Әкімдердің сайлауы – тұрғындардың таңдауы!

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен мемлекеттік саяси жаңғырудың жаңа кезеңін жүзеге асыру мақсатында елдегі сайлау жүйесі дамып келеді, деп хабарлайды Janalyq.Asia.kz.

Оған дәлел 2021 жылы ауыл әкімдерінің алғашқы сайлауы болды. Алғаш рет ауыл әкімдерінің тікелей сайлауын өткізу туралы бастаманы мемлекет басшысы 2020 жылдың 1 қыркүйегінде Қазақстан халқына жолдауында жариялаған болатын.

Ауыл әкімдерін сайлаудың ерекшелігі — тұрғындар өз басшысын өздері сайлай алады. Бұрынғы жүйе жанама сайлау арқылы болса, қазір ауыл тұрғындары тікелей сайлайды. Нәтижесінде, жұрттың жалпыға ортақ іске белсенділігі артты. Елдің ауылдағы кем-кетік дүниенің бәрін бұрынғыдай бір әкімнің басына үйіп-төгуден арылып, көп болып кеңесіп іс бітіруге көше бастадық.

Өзімнің жүргізген зерттеу жұмыстарымда ауыл тұрғындарымен кездесіп, сұхбаттасып көрдім. Бәрінің де қуанышында шек жоқ. Арасында «Әкімді бұрын танымай, көрмейтінбіз. Енді өзіміз сайлап, бірге ауылдың мәселесін көтерудеміз», — деген пікір көп болды.

Аталмыш жылы халық билігінің тағы бір көрсеткіші, аудандық және облыстық маңызы бар қалалар әкімінің сайлауы өтті. Қараша айының 5 күні 42 аудан, 3 облыстық маңызы бар қалада әкім сайлауы орын алды. Сайлаудың әділ өткені бәрімізге айдан анық. Елді — мекен тұрғындарының сайлаған әкімі басшы болса, тұрғындардың ауызбіршілігі одан да нығая түсетіні анық.

Халқымыз “Әкім ақылды және дана болса, төңірекке бас болар”, —  деп анық айтқан. Сондықтан еліміз бойынша жүзеге асып жатқан бұл қадам — алғыр, іскер, жаңашыл ауыл әкімдердің қалыптасуына оң ықпал етіп, тыныс тіршілігіне тың серпін береді деген үміттемін.

Халықтың таңдауына берілген сайлау елге үлкен өзгеріс енгізеді деп ойлаймын. Бірлесе жұмыс жасап, ел ахуалын арттыру басты міндетіміз.

Мұхамеджан БОЛЫСБЕК

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ оқытушысы

Аталмыш мақала ғылым және жоғары білім министрлігінің ғылым комитетімен қаржыландырылды

Қатысты мақалалар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button