Азия тынысы

«Әдемі дәстүр». Ерке Есмахан баласын бесікке салғанын көрсетті

Танымал әнші Ерке Есмахан екінші ұлын бесікке салу дәстүрі жасалғанын айтты, деп Janalyq.Asia.kz хабарлайды El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Нәрестеге қатысты тағы бір әдемі дәстүр жасалды. Исламды бесікке салдық. Әжелері түбегін, шүмегін салып, бауын тартып, жабуын жауып, “тыштымасын” жасап, бәріміз бесік жырын айтып бір тойлап алдық. Аллаға шүкір! Ұйқың тәтті болсын, бөпешім!, — деп жазды әнші.

Желі қолданушылары әдемі көрініске сүйсініп, жылы лебіздерін білдірді.

«Байбақтылардың ұрпағын көбейте бер», «Құтты болсын бесігі,ұйқысы тыныш болсын Ислам батырдың», «Сәби иісін аңсаған барша қыздарға жұғысты болсын!», «Әдемі көрініс», — деп жазып жатыр желі қолданушылары.

Қатысты мақалалар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button