Азия тынысы

Абдухалил Долкунтай: Қазақстан – бұл ортақ жер, біртұтас халық және ортақ келешек

Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Egemen Qazaqstan» газетіне берген ашық сұхбаты қоғамда, ел арасында үлкен талқыға түсіп жатқаны бәрімізге белгілі. Президент қазіргі таңдағы әртүрлі, яғни қоғамды толғандыратын өзекті мәселелерге тоқталды. Бұл пікірді Алматыдағы Республикалық ұйғыр этно-мәдени орталығының төрағасы Абдухалил Долкунтай айтты, деп хабарлайды Janalyq.asia.

Мәжіліс және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары жаңа ереже бойынша сайланды; сондай-ақ, ауыл, аудан, қала әкімдерін сайлау жалғасуда.

– Экономика-бизнесті қорғау, инвестицияны тарату жұмыстары өрлегені байқалуда;

– Әлеуметтік салада да мәселелер шешіле бастады, білім ошақтары, жайлы мектептер бой көтеруде;

– Ұлттық қордан балаларға қаржы бөлу мәселелерін реттейтін заң күшіне енді. Осының бәрі жас ұрпақтарымыздың білімді болуы, олардың болашағы үшін жасалып отырған мүмкіндіктері екені бәрімізге белгілі.

– Инфляция деңгейін, ең төменгі жалақыны анықтайтын әдістеме қабылданды, — деді ол.

Абдухалил Долкунтайдың сөзінше, ел Президенті өз сұхбатында еліміз үшін маңызды оқиғаларға толы болған өткен жылдың саяси реформаларының жүзеге асуына тоқталған.

2023 жылы Президенттің бастамасымен көтерілген әділ және жаңа Қазақстан құру үшін бәсекелі экономиканы құру арқылы еліміздің өркендеуінде, бірлік пен ел тыныштығының сақталуында көп жұмыстар қарқынды түрде жүргізілді. Әлеуметтік мәселелерде, яғни білім саласында жаңа жайлы мектептердің бой көтеруі, денсаулық сақтау нысандарының көбеюі, зиянды еңбек ету жағдайында жұмыс істейтін азаматтарға арнайы төлемақының енгізілуі тың жаңалықтар. Табиғат аясын қорғау бағытында да өзгерістер бар. Осы алға қойған мақсаттарға жету үшін жұмыстың осы жылы да жалғасатынын, жоспарлы әрекет етіп, осы мақсатқа жету жолында тоқтамай үздіксіз әрекет ету керек екенін айтты. Жалпы, осы сұхбатта айтылған ойлары, берілген пікірлері, идеялары алға қойған мақсаттары барша қазақстандықты, қоғамды, барша ұлт өкілдерін, этностарды ұйыстырып, бірлік пен достығымызды күшейтіп, еліміздің өркендеуіне, Жаңа Қазақстанның шын мәнінде ЖАҢА бағытта дамуына алып келеді деп ойлаймын, — дейді Республикалық ұйғыр этно-мәдени орталығының төрағасы.

Сондай-ақ ол Отанымыздың бақытты болашағы тек бірлікте екенін баса айтты.

Отаны бірдің – тілегі бір, жүрегі бір. Көпұлтты ел болуымыз – біздің байлығымыз, мақтанышымыз. Қазақстан – бұл ортақ жер, біртұтас халық және ортақ келешек. Ассамблея – еліміздегі бірлік пен келісімнің киелі бесігі, тұтастық пен тұрақтылықтың құтты шаңырағы. Ұлтаралық татулық пен келісім – ең негізгісі. Мен Қазақстандағы ұйғырлардың Республикалық этномәдени орталығының төрағасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңес мүшесі ретінде ауызбіршіліктен айнымайтын ақжүрек еліміздің қуатты мемлекетке, шуақты ұлысқа айнала беретініне кәміл сенемін! – деді спикер.

Фото: best-people.info

Қатысты мақалалар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button