Орталық Азия

Жақауов Мақсат: Жұмысшы маманы қадірлі болуы тиіс

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Жолдауында келесі 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады. Оны Мемлекет басшысы «Адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті, сыйлы болуы керек», деуі, расымен еңбек нарығында лайықтылардың абыройы үстем болуын дамыған елдердің тәжірибесі дәлел.
Егер «Еңбек ресурстарын дамыту орталығының» ақпаратына сүйенсек, елімізде ең қажетті мамандық — мұғалімдер мен орта медициналық қызметкерлер екен. Білім беру саласында — 364 мың бос жұмыс орны тұр. Денсаулық сақтау саласында 105 мың, өңдеу өнеркәсібінде 89 мың бос жұмыс орны бар.
Бір ғана отандық білімнің қара шаңырағы  — Абай университетінің контингенті осы жылдың өзінде 17 мыңнан асып, бакалаврға 6 мыңға жуық студентті қабылдады. Бұл отандық еңбек нарығындағы сұранысқа жауап беру десек, екінші жағынан, Президенттің педагогикалық оқу орындарының мемлекеттік саясатты орындаудағы қажырлы еңбегі деп бағалануы тиіс.
Жалпы елімізде халық саны жыл өткен сайын артып келеді. Соның салдарынан мысалы, Шығыс Қазақстан облысындағы зауыттар мен фабрикаларға жеті мыңнан астам жұмысшы жетіспейді екен. Мұндай тапшылық басқа өңірлерде де жоқ емес бар. Міне, сол себепті болар, отандық жұмысшылардың мәртебесін көтеру деген ұғымның пайда болуы, бүкіл еліміздің ертеңгі өнеркәсібіне, ауыл шаруашылығына т.с.с. маңызды салаларға айтарлықтай септігін тигізері анық.
Бұған Жолдауда да айтылғандай, техникалық және кәсіби білім беру жүйесі сүзгіден өтіп, мәртебесін арттыру бойынша кешенді шаралар қабылдануы тиіс. Оқыту, қаржыландыру, жаңа зертханалар жан-жақты ойластырылса игі. Тағы бір маңызды шара, педагогикалық мамандықтарға жасалған игілік сияқты, техникалық мамандықтардың жалақысын арттыру өзекті. Табысы жоғары мамандыққа кім келмейді…
Бізде мамандықтарға арналған мерейлі күндер бар, бұл да насихаттың жолы. Металлург күні, Шахтерлер күні деп тойланады. Президент бірден алып, Жұмысшы мамандықтар жылы деп бір-ақ ұсынды. Саяси шешімі бар ұсыныспен, ендігі жылы жұмысшы мамандықтардың қордаланған мәселелері тек оң шешім табар деп сенеміз. Бастысы, еңбек адамына көзқарас дұрыс!

Қатысты мақалалар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button