Азия тынысы

Тазалық – денсаулық кепілі!

Президенттің «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында «AMANAT» партиясы әр апта сайын ұйымдастырылатын «Таза бейсенбі» экологиялық акциясын жалғастырады.

18 шілде күні «AMANAT» партиясы Астана қалалық филиалының ұйымдастыруымен «Астана – Бурабай» тас жолының маңы қоқыстан тазартылды.

Байқоңыр ауданы әкімдігінің, «AMANAT» партиясының өкілдерінен, Астана қаласы Мәслихаты депутаттарынан, «Жастар Рухы» жастар қанатының еріктілері мен қоғам белсенділерінен тұратын 100-ден аса адам Астана қаласының айналма жолы маңынан 200 қапқа жуық қоқыс жинады.

Іс-шара тек қоқыс жинаумен шектелмейді. Әр учаскеге мәслихат депутаттары, белсенділер және бастауыш партия ұйымдарының басшылары бекітіледі. Олар сол учаскеде тұрақты түрде тәртіп пен тазалықты қамтамасыз етумен қатар, қоқыс жәшіктерін орнату, аумақтарды көгалдандыру, жолдар мен жаяу жүргіншілер жолын жөндеу сияқты абаттандыру және инфрақұрылымды дамыту мәселелерін шешеді.

Сондай-ақ, «AMANAT» партиясы Астана қалалық филиалы жанынан қалалық экологиялық жағдайды бақылауда ұстау үшін 5 мобильді топ құрылды. Әр мобильді топ құрамында Экологиялық кеңес мүшесі, Мәслихат депутаты, Аудандық партиялық филиалдарының Төрағалары, Аудандық Атқарушы хатшылары, Партиялық Бақылау комиссиясының мүшелері, партияның белсенді мүшелері бар.

Бұған дейін мобильді топтар жүргізген мониторинг жұмыстарының қорытындысына сәйкес қала ішіндегі және қала маңындағы 20 заңсыз қоқыс орны анықталған.

Қатысты мақалалар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button