Орталық Азия

Су мен электроэнергия тапшылығын қалай шешуге болады?

 

Азамат Құлбеков —Маңғыстау атом электр комбинаты БН 350 қондырғысының радиациялық қауіпсіздік бөлімінің инженері. Ол Еуразия ұлттық университетінде ядролық физика мамандығын бітіріп, 13 жылдан бері осында жұмыс істейді.

Маманның сөзінше, еліміз көріп жатқан су, электр энергиясы тапшылығын АЭС салу арқылы шешуге болады.

«АЭС салу — өте өзекті мәселе. Біз қызмет етіп жатқан БН-350 реакторлық қондырғысы 25 жыл жұмыс істеп, үкімет қаулысымен 1998 жылы тоқтатылды. Тоқтатпағанда әлеуеті зор атом электр станциясы жұмыс істей беретін еді. Қазір АЭС Қазақстанға өте қажет. Өздеріңіз көріп отырғандай, соңғы екі-үш жылда су, электр тогы жетіспеушілігі болып жатыр. АЭС салынса, мемлекетті электр энергиясымен толық қамтуға болады» — дейді Азамат Құлбеков.

Кәсіби маманның сөзінше, уран өндіруден бірінші орында, уран қоры бойынша екінші орында тұрған Қазақстан сол байлықты пайдаланып, әрі қарай дамытса, атом электр станциясын салып, жастарға жұмыс тауып беруге болады. Инженер Құлбеков АЭС салудан қорқудың еш негізі жоқ дейді.

«Бұрынғы атом электр станциясымен қазіргі АЭС-ті салыстыруға келмейді. Қазіргі салынатын станциялар 3, 3+ кезеңіндегі нұсқалар. Мұнда қауіпсіздіктің бірнеше түрі күшейтілген. Бұрынғы апаттар қайталанбайды деп ойлаймын, — дейді маман.

Қатысты мақалалар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button