Орталық Азия

«Сальвадор Дали. Құпия жазу » көрмесі — ұлы сюрреалисттің 61 түпнұсқа жұмысы

Lumiere-Hall мұражайының Астана қаласындағы «HASSANAT» өнер галереясындағы поп-апы.

Өз өмірін шындық ойдан, қиял шынайы естеліктерденажыратылмайтын аңызға айналдырған шебер, ал суретшініңшынайы бейнесі эксцентрик маскасының астындажасырылған. Данышпанның құпия бейнесі неден туады, оның шығармашылығының жасырын хабары неден құралады? Мүмкін, балалық шақтағы болмашы естеліктерден, сиқырлы әңгімелер мен армандардан болар? Әлде «шынайы испандықты» туған елімен, оның аңыздары, құмарлықтары және мистицизмімен байланыстыратын берік жіптерден бе? Немесе барлығының тамыры — Сальвадор Дали үшін жай ғана әйел емес, «тұмары, асылы, тотемі, Мадоннасы, анасы…» болған әйелге деген махаббаты ма? Әлде, ақырында, жүрек пен ақылдың кілті — суретшінің сиқырға толы, қорқынышты, мистикалық, эротикалық,ішнде сана «логика мен ақыл-ойдың шынжырларынан босатылатын» түстері ме?

«Сальвадор Дали. Құпия жазу» көрмесінің қонақтары құпия хабарды ашып, шебердің ішкі дауысын естіп, иллюзия мен шындық арасындағы өз шекарасын белгілей алады.

61 түпнұсқа түсті графикалық туындыдан тұратын топтама Еуропа мен Американың жеке коллекционерлері мен галереяларынан жинақталған. Экспозиция құрамына «Кармен», «Алисаның ғажайыптар еліндегі шытырман оқиғалары», «Далиниан жылқылары» серияларының литография баспалары, сондай-ақ Педро де Аларконның «Үшбұрышты шляпа» әңгімесінің ксилографиятехникасында орындалған 20 иллюстрациясы кірді. Топтамабүкіл әлемдегі коллекционерлердің арманына айналған «Махаббат трилогиясы» атты керемет триптихпенаяқталады.  

Өтетін орны: «HAS SANAT» өнер галереясы

____

Lumire-Hall-жаңа медиа саласындағы көрме кеңістігі және мәдени-білім беру орталығы. Мұражайдың тұрақты алаңы Алматыда орналасқан: Әл-Фараби 13 К2 в

____

Өтетін күндері: 30 тамыз-29 қыркүйек

Мекен-жайы: Астана, «Has Sanat» өнер галереясы

Д. Қонаев көшесі 14Д, ВП-24

Жұмыс уақыты: 11.00-ден 22.00-ге дейін

Құны:

Демалыс және мереке күндері :

Ересек адам 3500 тг

Жеңілдікті — 3000 тг

Жұмыс күндері :

Ересек адам 2500 тг

Жеңілдікті — 2000 тг

(Студенттер, зейнеткерлер, оқушылар)

 

Қатысты мақалалар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button