Орталық Азия

Чернобль ардагерлері АЭС-ке қатысты не дейді?

Ақтауда Чернобыль апаты салдарын жоюға қатысқан ардагерлер АЭС құрылысын талқылады. Апат зардабын жоюға барғандар АЭС құрылысының ерекшеліктері, кадрлық іріктеу, ықтимал қатерлердің алдын алу мәселелері жөнінде өз пікірлерін ортаға салды.

«Ел ертеңі үшін елеулі жоба турасында барлық өңірлерде қоғамдық талқылаулар өтті. Елімізде энергетикалық кешендердің 65 пайызының тозығы жетіп тұр. Бұл еліміздің энергетикалық қауіпсіздігі мен ұрпақ болашағына төнген қауіп деп есептеймін. Сондықтан атом энергетикасының игілігін көруге ұмтылуымыз қажет. Германия кезінде «жасыл» ұйымдардың желеуімен ядролық энергетикадан біржола бас тартқан еді. Алайда бүгінде импортталған көмір мен газ шикізатына тәуелді күй кешіп жатыр. Бұл тұста жаһандық климаттық өзгерістерге кері әсерін де ескеруіміз қажет. Ал еліміз 2016 жылы Париж келісімін ратификациялады. Бұл келісімге сәйкес 2060 жылға дейін ауаға шығарылатын көміртегі мөлшерін қысқарту әрі нөлге жеткізу көзделген. Қазақстан аумағында
3 және 3+ типтегі қауіпсіздік деңгейі аса жоғары атом реакторын салу жоспарланды. Су-сулы реактордың ең басты ерекшелігі апат орнаған жағдайда радиобелсенді қосылыстар энергоблок ішінде қалады, бұл қоршаған орта қауіпсіздігінің басты кепілі болмақ. Әрине, көпшілік Чернобыль тағдыры қайталануы мүмкін деп қорқатыны белгілі. Алайда мен апат салдарын жоюға қатысқан ардагер ретінде айтарым ол апат адам ағаттығынан, ал заман ағынымен алға адымдаған жаңа технологиялар тиісті деңгейде қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Атом энергетикасы саласындағы кадрлық әлеуетіміз зор деп есептеймін,, —
дейді Маңғыстау облыстық «Чернобыль» ұйымы төрағасының орынбасары Юрий Кержбаум.

Ақтаудағы Чернобыль апатының салдарын жоюға қатысқан ардагерлер бірауыздан атом электр станциясының құрылысын қолдайтынын жеткізді.
«Өз басым ел дамуына соны серпін беретін АЭС құрылысын қос қолдап қолдаймын. Бұл халықтың әлеуметтік әл-ахуалына, экономиканың орнықты дамуына оң ықпал етері сөзсіз. Еліміздің еншісінде уран шикізатының мол қоры бар. Біз бұл басымдықты халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағыттауымыз керек»,-дейді Чернобль ардагері, «Қазақтелеком» АҚ Маңғыстау облыстық филиалының бас инженері Александр Востриков.

Қатысты мақалалар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button