Орталық Азия

Білім жұлдыздары марапатталды

Астанада «Dauletten» қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен «Білімнің жұлдызы» I Республикалық студенттер форумы өтті.

Жеңімпаздарды марапаттау рәсіміне ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Дәулет Төлеутайұлы, Гүлдара Алданышқызы, Гауһар Шаймерденқызы, Таңсауле Ғабдыманапұлы, Нұргүл Тау, Айна Ермекқызы, Нартай Аралбайұлы және өзге де қоғам белсенділері қатысы.

«Білімнің жұлдызы» шәкіртақысы – «Dauletten» қайырымдылық қорының бастамасымен биыл үшінші мәрте тағайындалып отыр.

Шәкіртақы тағайындау мақсаты – еліміздегі колледж және жоғарғы оқу орындарында оқитын үздік студенттерді әлеуметтік жағдайына байланысты қаржылай қолдау, олардың заманауи қоғамдық талаптарға сай дағдыларын дамыту. Шәкіртақы оқуда, ғылымда және қоғамдық өмірде белсенді, талантты, үздік студенттерді ынталандыру үшін беріледі.

Биыл Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналған 200 студент 100 000 (жүз мың) теңге көлеміндегі бір реттік ақшалай сыйақыға ие болды. Іріктеуге әр өңірден 987 өтінім келіп түскен. Шәкіртақы иегерлерінің 188-і ЖОО студенттері болса, қалған 12 жеңімпаз колледж студенті.

Елордада бас қосқан жастар қуғын-сүргін құрабандарын еске алу мақсатында «АЛЖИР» мемориалды мұражай кешеніне барып қайтты.

Қатысты мақалалар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button