Азия тынысы

Барлық салық түсімдерінің 75%-ы 1700 ірі компанияға тиесілі

Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттардың қатысуымен жаңа Салық кодексі жобасын талқылау бойынша өткен «AMANAT» партиясы Астана қалалық филиалы жанындағы «Экономика және кәсіпкерлікті дамыту мәселелері жөніндегі Кеңестің» отырысына айтылды.

Мемлекет басшысы жаңа Салық кодексін әзірлеу шеңберінде салықтық әкімшілендіруді қайта қарау және салықтық бақылауды цифрландыру міндетін қойған еді. Жаңа Салық кодексінің жобасында салық төлеушіні тіркеуден бастап, салық есептілігін ұсыну, тарату рәсіміне дейінгі салықтық әкімшілендірудің сервистік моделі енгізілген.

Салықтық әкімшілендіру қағидаттарына сәйкес, бақылау және мәжбүрлеу шараларына дейін хабарлама рәсімдерін қолдану қажет. Салық төлеушінің өмірлік циклінің барлық кезеңдерінде хабарламалар, ескертулер жіберу және оқыту жүргізу арқылы жұмсақ сүйемелдеу көзделеді.

Салық төлеушіге салық кезеңі аяқталғаннан бастап декларацияларды тапсыруға айтарлықтай уақыт берілсе де (45 күнтізбелік күн) статистика жыл сайын ТНК-ны уақтылы ұсынбау фактілері азаймағанын көрсетеді.

Кеңес отырысында салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу тәсілдері де өзгеретіні айтылды. Бүгінгі таңда салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алудың барлық шаралары 6 АЕК шегінен бастап қолданылады. Ал жаңа Салық кодексінде берешек мөлшеріне байланысты шаралар қолдану ұсынылады. Жаңа Салық кодексі бекітілсе, салықтардың мардымсыз мөлшеріне байланысты бизнестің барлық қызметіне тосқауыл қойылмайды.

Жаңа Салық кодексінің басты міндеті – бизнестің жұмыс істеуіне және дамуына кедергі келтірмеу.

Қатысты мақалалар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button