Орталық Азия

Абай университетінде дрон-технологиялар саласындағы инновациялық жобалар талқыланды

Абай атындағы ҚазҰПУ-да Tianjin UМS Smart Technology Co Ltd компаниясының өкілі, профессор Own Chung-Ming-пен (Қытай) кездесу өтті. Іс-шараға университет басшылығы, сондай-ақ Ғылым департаменті, Халықаралық ынтымақтастық департаменті мен Математика, физика және информатика факультетінің өкілдері қатысты.

Кездесудің мақсаты Абай университеті мен Tianjin UМS Smart Technology Co Ltd арасындағы дрондар зертханасын құру және дрон-технологиялар саласындағы инновациялық жобаларды әзірлеу бойынша ынтымақтастық перспективаларын талқылау болды.

Кездесу барысында дрон-технологиялар саласындағы инновациялық жобаларды дамытуға бағытталған тәжірибе мен идеялармен алмасу үшін бірегей платформа құру жоспары егжей-тегжейлі талқыланды. Еліміздің жетекші педагогикалық университеті базасында дрондар зертханасын құруға, сондай-ақ Tianjin UМS Smart Technology Co Ltd мен Абай университеті арасындағы ынтымақтастықты одан әрі жалғастыруға және бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларын іске асыруға ерекше назар аударылды.

«Біздің компания – кішігірім лаборатория іспеттес. Қазіргі уақытта мен дрон және роботтарды құрастырып, олардың құрылымын дамытудамын. Біздің дрондар жасанды интеллектті енгізуге, сондай-ақ ойынға негізделген оқыту әдістерін жасауға болатын дрондарды әзірлеу үшін қолданылады. Бүгінгі таңда студенттерге компьютерлік технологиядан сабақ беремін, олардың осы салаға белсене араласуына жағдай жасап жатырмын», — деді Тяньцзинь университетінің профессоры Own Chung-Ming.

Екі ел арасындағы кездесу екі ұйымның ғылыми әлеуетін нығайтуға ықпал ете отырып, озық технологиялардың дамуын жеделдететін және студенттер мен зерттеушілер үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашатын ынтымақтастыққа берік негіз болды.

Қатысты мақалалар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button